«Ғылым 2025: Жастар энергиясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Түрдалыұлы Мұса ашық дәріс өткізді. Дәрістің тақырыбы — «Ғылыми мақалаларды жазуда жасанды интеллектті қолдану» — тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Өз баяндамасында профессор Түрдалыұлы М. заманауи ИИ-құралдарының мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Атап айтқанда, тілдік модельдер, мәтін генераторлары және интеллектуалды платформалар ғылыми мақалаларды дайындау үдерісін едәуір жеңілдетіп, жеделдете алатыны көрсетілді.
Дәріс барысында жасанды интеллекттің келесі бағыттарда практикалық қолданылуына ерекше назар аударылды:
өзекті ғылыми әдебиеттерді таңдау,
мәтінді құрылымдау және ғылыми ойды қалыптастыру,
грамматика мен стильді автоматты тексеру,
мәтіннің түпнұсқалығын арттыру және журнал талаптарына бейімдеу.
Сондай-ақ, дәрісте ИИ-ді ғылыми қызметте қолдану кезінде туындайтын этика және академиялық адалдық мәселелері де қозғалды. Конференция қатысушылары пікірталасқа белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру мен ғылыми зерттеулерде интеллектуалды көмекшілерді дамытудың болашағын талқылады.
Профессор Түрдалыұлы М.-ның ашық дәрісі конференцияның жарқын сәттерінің бірі болды және жастардың ғылыми қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын айқындады.