2025 жылғы 10 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) Қарағанды қаласында өткен «Білімді Келешек – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты.
Көрме аясында METU өкілдері мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне университеттегі оқу бағыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, оқу шарттары, шәкіртақылар, академиялық ұтқырлық және студенттік өмір туралы кеңінен әңгімеледі.
Қатысушылар тағылымдамалар, тәжірибелік дағдыларды дамыту және университетті аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Осындай көрмелер METU-ге өңірлермен байланысты нығайтып, сапалы қолданбалы білімді жастар арасында насихаттауға мүмкіндік береді.
Автор: Мусақызы Ж.