Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының лекторы Жүнісова Айгерім Мнайдарқызы «Ғылым 2025: Жастар энергиясы» ғылыми-практикалық конференциясы аясында ашық дәріс өткізді
11 Сәуір 2025                  338
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының лекторы Жүнісова Айгерім Мнайдарқызы «Ғылым 2025: Жастар энергиясы» ғылыми-практикалық конференциясы аясында ашық дәріс өткізді

«Ғылым 2025: Жастар энергиясы» атты ғылыми-практикалық конференция аясында өткен дөңгелек үстелде «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының лекторы Жүнісова Айгерім Мнайдарқызы «Идеядан мансапқа дейін: студенттер ғылыми идеяларды қалай жүзеге асырып, кәсіби ортада өз орнын таба алады?» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Дәріс барысында Айгерім Мнайдарқызы студенттердің ғылыми бастамаларын нақты жобалар мен табысты мансап жолына айналдыру бойынша тәжірибелік кеңестерімен бөлісті. Ол студенттердің ғылымға ерте араласуы мен өз даму жолын дұрыс анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, оқытушы жас ғалымдарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған гранттар, тағылымдамалар мен зерттеу бастамаларының қолжетімділігіне тоқталды.

Кездесу соңында Айгерім Мнайдарқызы студенттерге мотивациялық кеңестер беріп, өз күшіне сену, мақсатқа ұмтылу және белсенді болу – табысқа жетудің негізгі кілті екенін ерекше атап өтті.

Ашық дәріс студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, олардың ғылымға деген ынтасын арттырды.