Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Ғылым-2025: Жастар энергиясы»
10 Сәуір 2025                  215
«Ғылым-2025: Жастар энергиясы»

2025 жылғы 8-9 сәуір аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Ғылым 2025: жастар энергиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция аясында «Тамақ өнеркәсібіндегі инновациялар және стандарттау» секциясы ұйымдастырылды.

Секцияда тағам өндірісіндегі өзекті мәселелер, жаңа әзірлемелер мен қолданылатын құрал-жабдықтар талқыланды.

Секция жұмысына «Тамақ өндірістерінің техникасы және технологиясы» кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары белсенді қатысты. Кафедраның 1 курс докторанты Ибраихан Ақниет, сондай-ақ 2 курс магистранттары Бекназар Раушан мен Абдыкулова Ақгүл "METU үздік жас зерттеушісі – 2025" дипломымен марапатталды.

Конференция қатысушылар мен тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Баяндамалар мен постерлік презентациялар ұсынылып, бұл жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырды.

Аталған іс-шара жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға, инженерлік саладағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.