2025 жылғы 8
сәуірде «ТиТПП» кафедрасының профессоры Оразбаев С.А. Қазақ мал шаруашылығы
және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтында 6В08103 – «Көкөніс
шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Топырақтану»
пәнінен «Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау» тақырыбында ПиАП-23-1к,
ПиАП-23-1р топтарына сағат 11:00-ден 14:20-ға дейін дәріс өткізді.
2025 жылғы 9
сәуірде профессор Оразбаев С.А. аталған ғылыми-зерттеу институтында
«Топырақтану» пәні бойынша «Өсімдіктер мен топырақтағы азот, фосфор және
калийді анықтау әдістемелері» тақырыбында ПиАП-22-1к, ПиАП-22-1р топтарына
сабақ өткізді.
Сабақ барысында
келесі мәселелер қарастырылды:
Студенттер өсімдіктерді
қоректендірудің әртүрлі әдістерімен, соның ішінде механикалық, биологиялық және
физика-химиялық процестерді қолдану тәсілдерімен танысты. Бұл сабақ олардың
кәсіби білім алуының маңызды кезеңіне айналып, агрохимия саласындағы заманауи
тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді. Студенттер әртүрлі зертханалық
жабдықтармен танысып, оларды қолдану дағдыларын меңгерді. Лаборатория меңгерушісінің
жетекшілігімен құрылғыларда тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.