2025 жылғы
Ғылым апталығының соңғы күні Халықаралық инженерлік-технологиялық
университетінде (МИТУ) «Студенттік өзін-өзі басқарудың ғылымды дамытудағы
рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны университеттің студенттік белсенділері толықтай
ұйымдастырып, жүргізді.
Модератор
ретінде студенттік ректордың қатысуы – бұл университет тарихында
алғаш рет жүзеге асырылған тәжірибе. Аталған бастама Студенттік өзін-өзі
басқару жылы аясында студенттердің академиялық ортадағы маңызын арттыруға
бағытталған.
Дөңгелек үстел
барысында ғылымға студенттерді ерте кезеңнен тартудың маңыздылығы, тәлімгерлік
пен академиялық қолдаудың рөлі, студенттік бастамалардың университет ғылымын
дамытуға қосар үлесі мәселелері талқыланды.
Іс-шараға
бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі студенттер, оқытушылар
қатысты. Қатысушылар жас зерттеушілерді қолдау тетіктерін кеңейту және
ұрпақаралық академиялық байланысты нығайту бойынша ұсыныстар білдірді.
Дөңгелек үстел университет ғылымын дамыту жолындағы студенттердің белсенді қатысуының нақты көрінісі болды және студенттік өзін-өзі басқарудың әлеуетін айқын көрсетті.