11 Сәуір 2025                  377
«METU Үздік жас зерттеушісі – 2025» алғашқы байқауының жеңімпаздары анықталды
Халықаралық инженерлік-технологиялық
университетінде (МИТУ) Ғылым апталығы аясында алғаш рет «METU Үздік жас зерттеушісі 2025» атты
университетішілік байқау өтті. Байқау білім алудың барлық деңгейлерінде оқитын
студенттердің ғылыми белсенділігін ынталандыруға бағытталған.
2025 жылғы 7 сәуірде өткен сараптамалық комиссияның шешімімен
жеңімпаздар екі негізгі ғылыми бағыт бойынша - пәнаралық ғылымдар мен техникалық ғылымдар салаларында
және үш деңгей бойынша
(бакалавриат, магистратура, докторантура) анықталды.
Байқау жеңімпаздары:
Пәнаралық
ғылымдар бағыты бойынша
• Бакалавриат -
Бекман Нұрай Нұржанқызы, биохимиялық инженерия кафедрасы. Медициналық
кинология саласындағы ерекше әрі әлеуметтік маңызы бар зерттеуімен танылды.
• Магистратура
- Абдыкулова Ақгүл, Тағам өндірістерінің технологиясы және инжинирингі
кафедрасы. Дәстүрлі емес шикізат негізінде салауатты тағам өнімдерін өндіруге
бағытталған ғылыми жобасы.
• Докторантура
- Ибраихан Ақниет Төлегенқызы, Тағам өндірістерінің технологиясы және
инжинирингі кафедрасы. Түйе сүті мен өсімдік текті компоненттер негізінде
балмұздақ өндіру технологиясын әзірледі.
Техникалық ғылымдар бағыты бойынша
• Бакалавриат
- Демеугалиева Мира Меирбековна, бағдарламалық инженерия кафедрасы.
Робототехника саласындағы жетістіктері мен халықаралық жарыстарға қатысуымен
ерекшеленді.
• Магистратура
- Бекназар Раушан Рахымқызы, Тағам өндірістерінің технологиясы және
инжинирингі кафедрасы. Қызанақ экстракты негізінде косметикалық крем әзірлеу
бойынша зерттеу жұмысы.
• Докторантура
- Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызы, бағдарламалық инженерия кафедрасы.
Ғылыми мәтіндерден терминологияны терең оқыту арқылы автоматты түрде анықтау
тақырыбында зерттеу жүргізді.
Байқау бакалавриаттан бастап докторантураға дейінгі барлық
деңгейлерді қамтитын ғылыми сатылы жүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам
болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2026 жылы байқау форматы кеңейтіліп, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
бағыттарын да қамтитын болады. Бұл студенттердің ғылыми қызығушылығын кеңінен
қамтып, ғылымды білім беру процесінің ажырамас бөлігі ретінде дамытуға ықпал
етеді.
МИТУ жеңімпаздарды шын жүректен
құттықтайды және олардың жетістіктері жаңа ғылыми жобаларға, жарияланымдарға
және халықаралық деңгейдегі мойындалуға жол ашады деп сенеді.