Главная Новости «Болашақ көшбасшыларға арналған ғылыми идеялар» атты ашық дәрістер сериясы
10 Сәуір 2025                  126
«Болашақ көшбасшыларға арналған ғылыми идеялар» атты ашық дәрістер сериясы

2025 жылғы Ғылым апталығы аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) «Болашақ көшбасшыларға арналған ғылыми идеялар» атты ашық дәрістер сериясы шеңберінде екі мазмұнды дәріс сәтті өтті. Бұл дәрістер студенттердің зерттеушілік ойлауын қалыптастыру мен кәсіби бағдарын дамытуға бағытталды.

9 сәуірде өткен алғашқы дәріс: «Ғылыми мақалалар жазуда жасанды интеллектіні қолдану», спикер: PhD Тұрдалұлы Мұса.

Дәрісте академиялық жазбада, мәліметтерді автоматты түрде талдауда және ғылыми мәтіндерді құрылымдауда қолданылатын заманауи ИИ құралдары таныстырылды. Сонымен қатар, этикалық мәселелер мен технологияны қолданудың шектеулері де талқыланды. Студенттер мен жас зерттеушілер ғылыми жарияланымдармен жұмыс істеу бойынша нақты ұсыныстар алды.

10 сәуірде өткен екінші дәріс: «Идеядан мансапқа дейін: студенттер ғылыми идеяларын қалай жүзеге асыра алады», спикер: Жүнүсова Айгерім Мнайдарқызы, академиялық жобалар үйлестірушісі.

Бұл дәріс ғылыми және кәсіби жолды саналы жоспарлау тақырыбына арналды. Қатысушылар бағдарламаларға қатысу, ғылыми байқаулар мен зерттеушілік бастамаларға ерте араласу мәселелерін талқылады.

Аталған дәрістер бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің қызығушылығын тудырып, ашық диалог форматында нақты сұрақтар қойып, практикалық мысалдарды талқылауға мүмкіндік берді.

«Болашақ көшбасшыларға арналған ғылыми идеялар» атты дәрістер сериясы МИТУ-дағы Ғылым апталығының маңызды бөлігіне айналып, зерттеушілікке бағытталған, саналы буын қалыптастыру жолындағы университеттің тұрақты ұстанымын көрсетті.