Главная Новости "Мен оқитын кітап" айдары: Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы – бүгінгі студенттер көзімен
16 Сәуір 2025                  292
"Мен оқитын кітап" айдары: Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы – бүгінгі студенттер көзімен

«Мүсірепов – сөздің сұлулығын, әйелдің қадірін, халықтың мұратын жырлаған қаламгер.»

Студенттік өзін-өзі басқару жылы аясында МИТУ ғылыми кітапханасында дәстүрлі "Мен оқитын кітап" айдары жалғасын тапты. Бұл жолғы әдеби жүздесу қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романына арналды. Шараға орыс топтарында оқитын студенттер белсене қатысып, қазақ прозасының көркемдік құндылығына терең үңілді. Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінде әйел бейнесін айрықша сомдай білген шебер қаламгер. Оның «Ұлпан» романы – ұлттық рух, ел бірлігі, әйелдің даналығы мен қайсарлығын суреттейтін көркем туынды. Романдағы Ұлпан бейнесі – тек бір әулеттің емес, бүтін бір ұлттың тағдырын арқалаған парасатты тұлға ретінде көрінеді. Студенттер роман кейіпкерлеріне талдау жасап, жазушының тіл шеберлігі мен баяндау стиліне жоғары баға берді. Сонымен қатар, романнан әсерлі үзінділер оқылып, олардың көркемдік мәні мен мағынасы талқыланды. Осындай әдеби басқосулар жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдебиет пен рухани мұраға деген құрметін тереңдетеді. "Ұлпан" – өткен мен бүгінді жалғайтын рухани көпір іспетті.