Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры METU Қарағандыда өткен «Білімді Келешек – I» көрмесінде оқу бағыттарын таныстырды
14 Сәуір 2025                  322
METU Қарағандыда өткен «Білімді Келешек – I» көрмесінде оқу бағыттарын таныстырды

2025 жылғы 10 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) Қарағанды қаласында өткен «Білімді Келешек -  I» халықаралық білім көрмесіне қатысты.

METU стендінде мектеп оқушылары, колледж студенттері және олардың ата-аналары университет ұсынатын білім беру бағыттарымен танысты. Көрмеде кафедрамыздың оқытушысы Асель Талғатқызы Таутаева болашақ студенттер мен абитуриенттер үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, кафедрамыздың студенттері мен түлектеріне ұсынылатын мүмкіндіктер туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

Көрмеге қатысушылар METU-ға қабылдау артықшылықтары, оқу шарттары, шәкіртақылар, академиялық ұтқырлық және студенттік өмірдің қызықты және белсенді жақтары туралы мәлімет алды. «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы студенттерге тағам өнеркәсібіндегі қазіргі заманғы технологияларды терең зерттеуге және еңбек нарығында сұранысқа ие тәжірибиелік дағдыларды меңгеруге арналған бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Осындай іс-шараларға қатысу болашақ студенттерімізге мамандық таңдауда дұрыс бағдар алуға көмектеседі деп сенеміз және METU-да білім алудың барлық артықшылықтарымен таныстырады.