Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ-де ACCA олимпиадасы жоғары деңгейде өтті!
17 Сәуір 2025                  179
МИТУ-де ACCA олимпиадасы жоғары деңгейде өтті!

2025 жылғы 17 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) ACCA олимпиадасы сәтті ұйымдастырылып, студенттер, оқытушылар және кәсіби сала өкілдері бас қосты.

Шара ACCA өкілдігі, Baker Tilly және Uchet.kz компанияларының қолдауымен, сондай-ақ «Экономика және бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.

Олимпиадаға «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері қатысып, шынайы бизнес-кейстерді шешіп, өз білімдерін ортаға салды.

Бағдарлама аясында қонақтардың сөз сөйлеуі, презентациялар, викторина және фуршет ұйымдастырылды.

Олимпиада жоғары деңгейде өтті, қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар алды. Мұндай іс-шаралар МИТУ-дың болашақ қаржыгерлер мен экономистер үшін кәсіби орта қалыптастырып жатқанын көрсетеді.