Ғылым апталығы аясында: «Студенттік өзін-өзі басқарудың ғылымды дамытудағы рөлі» атты дөңгелек үстел өтті
10 сәуір күні, METU университетінде Ғылым апталығы аясында «Студенттік өзін-өзі басқарудың ғылымды дамытудағы рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шарада жас ғалымдар, студенттер мен магистранттар пленарлық баяндамалар жасап, ғылымдағы студенттік бастамалардың маңызын талқылады.
Шара барысында «Үздік жас зерттеуші» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
Аталған іс-шара Ғылым апталығының маңызды бөлігіне айналып, жастардың ғылымға деген ынтасын арттырды.