Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Профессор Кутай Октай METU-де офлайн-дәрістер өткізіп жатыр!
21 Сәуір 2025                  106
Профессор Кутай Октай METU-де офлайн-дәрістер өткізіп жатыр!

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) Түркияның туризм және қонақүй менеджменті саласының танымал ғалымы, профессор, доктор Кутай Октайдың Алматы қаласына келіп, студенттер үшін офлайн-дәрістер сериясын бастағанын қуанышпен хабарлайды.

Профессор Кутай Октай — Кастамону университетінің туризмді басқару кафедрасының меңгерушісі, туризм және қонақүй ісі бойынша халықаралық деңгейдегі сарапшы, көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы.

Студенттер үшін бұл дәрістер – шетелдік маманмен тікелей тілдесіп, білімін тереңдетуге және кәсіби көкжиегін кеңейтуге бірегей мүмкіндік.

METU университеті профессор Кутай Октайға сапары мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді!