Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Кастеев атындағы өнер музейіне экскурсия және эдвайзерлік сағат
16 Сәуір 2025                  72
Кастеев атындағы өнер музейіне экскурсия және эдвайзерлік сағат

2025 жылдың 15 сәуір күні «6В07203 - Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» білім беру бағдарламасының эдвайзері Даулетханқызы Арайлым эдвайзерлік сағатты ерекше форматта – Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өткізді.

Іс-шара барысында студенттер оқу процесіне, аралық аттестацияға қатысты маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай, қазақ халқының мәдени мұрасымен де жақын танысуға мүмкіндік алды. Музей ішіндегі экскурсия студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, эстетикалық талғамының қалыптасуына және рухани құндылықтарының дамуына септігін тигізді.

Осындай бейформалды жағдайда өтетін эдвайзерлік кездесулер студенттер және эдвайзер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жастардың өнер мен тарихқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тәрбиелік маңызы зор іс-шара болып табылады.