Главная Новости METU-да ашық есік күні!
21 Сәуір 2025                  100
METU-да ашық есік күні!

10–11-сынып оқушыларын 2025 жылдың 25 сәуірінде сағат 15:00-де Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 93А мекенжайында өтетін METU Ашық есік күніне "Open Day" шақырамыз.

Іс-шара аясында қатысушылар:

  • университеттің заманауи зертханаларын аралап көре алады;
  • кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамынан білім беру бағдарламалары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңес алады;
  • университеттің белсенді студенттік ұйымдарымен және жастар ісі жөніндегі бөліммен танысады;
  • 2025 жылғы мемлекеттік гранттар конкурсына тіркелу тақырыбында өтетін семинарға қатысады;
  • іс-шараның ойын-сауық бөлімінде бағалы сыйлықтар мен естелік жүлделер ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Қатысу үшін алдын ала тіркеуден өту қажет:
+7 775 007 50 55 нөміріне хабарласып (METU Қабылдау комиссиясы), ақпараттық хатта берілген QR-кодты сканерлеп 
немесе https://forms.gle/dChWQcwv8111kDJG6 сілтеме бойынша өтіңіз.