2025 жылғы 24
сәуірде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы жанындағы
«Сөз құдіреті» әдеби-танымдық клубы Қазақтың ұлы ақыны, философ, қазақ әдеби
тілінің негізін қалаушы биік тұлға – Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай – ұлттық рухтың
символы» атты әдеби-танымдық, әдеби музыкалық форматта шағын кеш өткізді. Ел
Президенті «Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек» –
деген сөзін негіздей келе, аталған шараға қазақ тілі пәнінің оқытушылары
бірнеше мамандықтың студенттерін ұйымдастыра отырып, инженерлік саладағы жас
болашақ мамандарды Абай әлемімен таныстырып, мол мұраларына тоқталып өтті. Бұл
– тек бір ақынның ғана емес, бүкіл халқымыздың рухани құндылықтарын ұлықтауға
арналған маңызды кеш деуге болады.
Аталған шара Абайдың мұрасын насихаттауға, жастарды философтың идеяларымен тәрбиелеуге, оның еңбектерін заманауи тұрғыда зерделеуге бағытталған. Студенттер Абайдың қара сөздеріннен үзінділер жаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлылардың ақын жайлы айтқан нақыл сөздерін талдап, Абай атамыздың сөзіне жазылған әндерін шырқап барынша белсенділік танытты.
Ұлы Ойшылдың мұрасы әр жас өркеннің жүрегінде мәңгі сақталады, ал бүгінгі шара оның өнегелі өмірі мен шығармашылығына деген құрметіміздің белгісі деп тұжырымдаймыз Абай – қазақтың шамшырағы. Ол – ақын ғана емес, ойшыл, ағартушы, сазгер, философ. Оның қалдырған мол мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге.