МИТУ-да «Бизнес акулалары – 2025» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттік жобалар байқауы өтті.
2025 жылдың 23 сәуірінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында дәстүрлі «Бизнес акулалары» атты студенттік жобалар байқауын өткізді.
Іс-шара аралас форматта — МИТУ-дың екінші оқу корпусының конференц-залында офлайн және ZOOM платформасында онлайн режимде өтті.
Байқауды «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ділдебаева Ж.Т. ашып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол студенттердің кәсіпкерлік ойлауын, креативтілігін және зерттеушілік бастамаларын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, байқаудың дарынды жастарды қолдауға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған алаң екенін жеткізді.
Байқаудың
модераторы — экономика ғылымдарының докторы, профессор Ахмедьярова М.В.
Хатшы — экономика магистрі, оқытушы Бердімуратова К.К.
Жобаларды
қорғау байқау комиссиясы алдында өтті, оның құрамында:
- Ахмедьярова М.В., экономика
ғылымдарының докторы, профессор — қазылар алқасының төрайымы
- Садырова Г.А., экономика
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
- Габдуллин Н.И., экономика
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қазақстанның
әртүрлі жоғары оқу орындарынан 23 жоба ұсынылды. Қатысушылар өз идеяларын
мультимедиялық презентациялар мен слайдтық көрсетілімдер арқылы таныстырды.
Жобалар бірқатар критерийлер бойынша бағаланды: идеяның түпнұсқалығы,
бизнес-жоспардың тереңдігі, маркетингтік және қаржылық талдау деңгейі,
инновациялық шешімдер мен цифрлық құралдарды қолдану.
Байқау
нәтижелері:
I дәрежелі
диплом:
II дәрежелі
диплом:
- Сұлтан Қазбекби, Даниярқызы
Әлия, Сайлау Айдана (Нархоз Университеті) — «Қалдықтарды қайта өңдеу және
энергия өндіру» жобасы
- Айдынқызы Айзере, Нұрмұхан
Назлы, Ахметбай Асыл (Нархоз Университеті) — «Qumsarai — демалыс орны»
жобасы
- Қуанғали Асылбек, Ерғалиева
Амина (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) — «Пайдалы өсімдік тағамдары мен шырындар
жасау (гидропоника)» жобасы
III дәрежелі
диплом:
- Ергенов М.Ж., Ахметәлиева Д.А.,
Атомбекова А.Қ. (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) — «Құрылыс материалдарын
өндіру «Эковата»» жобасы
- Балмуканова Н., Дүйсекешов Н.,
Сисенова К. (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) — «BIOTOPYRAK — органикалық
тыңайтқыш» жобасы
- Серікқызы Әсел, Мәдібек Фариза
(Тұран университеті) — «Заттар кітапханасы» жобасы
- Әділхан Алшағүл, Исабекова
Мақпал, Жеңісбек Меруерт (М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті) —
«Полиграфия және фотостудия» жобасы
Барлық
қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды, ал жеңімпаздар дипломдармен
және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Байқау
модераторы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ахмедьярова М.В. барлық
қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және қазылар алқасының мүшелеріне кәсіби
деңгейі, белсенділігі, шығармашылығы және кәсіпкерлікке деген қызығушылығы үшін
алғыс білдірді.