Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ-да өткен Халықаралық студенттік бухгалтерлік есеп пәні бойынша олимпиада
24 Сәуір 2025                  597
МИТУ-да өткен Халықаралық студенттік бухгалтерлік есеп пәні бойынша олимпиада

2025 жылдың 24 сәуірінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасы қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. Габдуллин Н.И. жетекшілігімен «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиаданы аралас форматта өткізді. Олимпиадаға Қазақстан мен Қырғыз Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының студенттік топтары қатысты.

Іс-шараның ашылуында кафедра меңгерушісі, э.ғ.д., қауымдастырылған профессор Дильдебаева Ж.Т. құттықтау сөз сөйлеп, студенттердің кәсіби байқауларға қатысуы арқылы ғылыми-зерттеу және практикалық құзыреттілігін дамыту маңыздылығын атап өтті.

Модератор — э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Габдуллин Н.И. — олимпиаданың ережелері мен кезеңдерін таныстырды. Бірінші тур компьютерлік тестілеу форматында МИТУ-дың бірінші оқу корпусында өтті. Екінші тур — эссені презентация түрінде қорғау — қазылар алқасының алдында өтті.

Қазылар алқасының құрамында:

  • Беліспаева В.Н., «ПРОФИТренинг» ЖШС директоры / «Uchet.kz» порталының өкілі (төраға),
  • э.ғ.д., профессор Миржакыпова С.Т.,
  • э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Габдуллин Н.И.,
  • э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Садырова Г.А.,
  • э.ғ.м., оқытушы Нияткалиева Д.Е. болды.

Дипломдар мен сертификаттар табысталғанға дейін Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің (ҚНАУ) атынан доцент Буканова Анара Ишенқызы сөз сөйлеп, МИТУ-ға алғысын білдірді және ҚНАУ екінші жыл қатарынан олимпиадаға қатысып отырғанын атап өтті. Ол білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қорытынды сөзді МИТУ ректоры, филол.ғ.к., профессор Сарсенбекова Г.А. сөйледі. Ол студенттердің жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, оқытушыларға алғысын білдірді және жеңімпаздарға дипломдар мен қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

Олимпиада нәтижелері:

І дәрежелі диплом:
– «ФинИнтеллект» командасы (МИТУ): Злетова В.А., Ким С., Янова В. (жетекші: Миржакыпова С.Т.)

ІІ дәрежелі диплом:
– «Мүрөк» командасы (ҚНАУ): Исанаева С.Т., Талантбекова Б.Т., Уланова Э.У. (жетекші: Буканова А.И.)
– «Turandot» командасы (Туран университеті): Альмухамет У., Губайдуллина Г., Магажан А. (жетекші: Оразалинова М.С.)

ІІІ дәрежелі диплом:
– «Диванные аналитики» командасы (Каспий қоғамдық университеті)
– «Супергеройлар» командасы (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ)
– «Капитал» командасы (Алматы Менеджмент Университеті)

Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. Ұйымдастырушылар барлық командаларға, ғылыми жетекшілерге және олимпиаданың серіктестеріне белсенді қатысқандары, кәсіби шеберліктері және даму ұмтылыстары үшін алғыс білдірді.