2025 жылғы
25 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) 10–11
сынып оқушылары үшін "Open Day" Ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында
"Экономика және бизнес" кафедрасы келесі білім беру бағдарламаларын
таныстырды:
"Экономикадағы
ақпараттық және инновациялық технологиялар" "Есеп және аудит"
"Қаржы" "IT-маркетинг"
"Туризм"
Әр білім
беру бағдарламасының студенттері мектеп оқушыларына өздерінің мамандықтары
туралы айтып, оқу бағыттарының ерекшеліктері мен артықшылықтарын таныстырды,
METU университетінде оқудың ашатын мүмкіндіктері туралы бөлісті және болашақ
талапкерлерді өз қатарларына қосылуға шақырды.
Қонақтар
университет зертханаларын аралап, кафедра меңгерушілері мен оқытушыларынан
кеңес алды, 2025 жылғы мемлекеттік гранттар конкурсына тіркелу бойынша
семинарға қатысты және іс-шараның ойын-сауық бөлімінде бағалы сыйлықтар ұтып
алды.
Ашық есік
күні жылы атмосферада өтті, мектеп оқушыларына жарқын әсер сыйлады және болашақ
мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесті.