2025 жылғы 25 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық
университетінде (ХИТУ)
10–11-сынып оқушыларына арналған "Open Day" ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында "Инженериядағы Smart
технологиялар" кафедрасы жоғары технологиялар саласында сұранысқа ие
мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын таныстырды.
Оқушылар мен олардың ата-аналары келесі білім беру бағыттарымен танысты:
Қонақтар университет зертханаларын аралап, кафедра
меңгерушілері мен оқытушыларынан кеңес алды, кафедра оқытушылары оқу
бағдарламаларының мазмұны, тәжірибелік дайындық мүмкіндіктері, түлектердің
жұмысқа орналасу перспективалары және студенттік өмір ерекшеліктері туралы
жан-жақты ақпарат ұсынды. Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын
қойып, қабылдау шарттары бойынша жеке кеңес алды.
2025 жылғы мемлекеттік гранттар конкурсына тіркелу бойынша
семинарға қатысты және іс-шараның ойын-сауық бөлімінде бағалы сыйлықтар ұтып
алды.
"Open Day" болашақ талапкерлерге университет
атмосферасын сезініп, заманауи зертханаларды көріп, ХИТУ ұсынатын білім беру сапасына көз
жеткізуге тамаша мүмкіндік болды.