“Мен оқитын кітап” айдары аясында ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған “Абай апталығы” өз мәресіне жетті. Апталық барысында танымдық және әдеби іс-шаралар өткізіліп, студенттер ұлы ақынның шығармаларын кеңінен насихаттап, Абай мұрасына деген терең қызығушылықтарын көрсетті. Іс-шараларға белсене атсалысып, өз үлесін қосқан барша МЕTU ұжымына және студенттерге шынайы алғысымызды білдіреміз.Бұл апталық – Абайдың өнегелі өмірі мен рухани мұрасын жастар арасында кеңінен дәріптеуде маңызды рөл атқарды. Ізгі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.