«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының
лекторы Ақтайлақова Д.А. Қызылорда қаласының жалпы білім беретін мектептерінде
кәсіби бағдар беру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға ХИТУ-дың заманауи білім беру жүйесі,
халықаралық серіктестері, инновациялық зертханалық-технологиялық базасы және
оқу процесінің өндірістік тәжірибемен ұштасуы туралы кең көлемде мәлімет
берілді.
Түлектер университеттің білім беру бағдарламаларына
үлкен қызығушылық танытып, болашақ мамандық таңдауға қатысты мазмұнды сұрақтар
қойды. Әсіресе, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»,
«Автоматтандыру және басқару», «Электроэнергетикадағы ақпараттық технологиялар»
сияқты бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Оқушыларға оқу барысындағы
ерекшеліктер, өндірістік тәжірибе кезеңдері, түлектерді жұмысқа орналастыру
мүмкіндіктері мен мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы жан-жақты
түсіндірілді.
Кәсіби бағдар беру шаралары оқушылардың мамандық
таңдауға деген жауапкершілігін арттырып, жоғары техникалық білім алуға деген
қызығушылығын оятуға бағытталды.