2025 жылдың 26 сәуірінде Тұран университетінің
базасында «6В062 – Телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша XVII
Республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің (ХИТУ) студенттері де белсене қатысты.
Олимпиада барысында «Инженериядағы Smart
технологиялар» кафедрасының атынан қатысқан келесі студенттер өз білімдерін
жоғары деңгейде көрсетіп, алғыс хаттармен марапатталды:
Сонымен қатар, студенттерге ғылыми жетекшілік
жасаған «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының оқытушысы Тәжібай
Исатай Серікұлы да білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен
марапатталды.
Аталған іс-шара Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің білім беру сапасының, студенттер мен
оқытушылардың кәсіби деңгейінің тағы бір дәлелі болды.