Главная Новости METU «JOO High School Mega» мектебінде өткен білім көрмесіне қатысты
30 Сәуір 2025                  346
METU «JOO High School Mega» мектебінде өткен білім көрмесіне қатысты

2025 жылғы 30 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) «JOO High School Mega» базасында ұйымдастырылған кәсіби бағдар беру көрмесіне қатысты.

Іс-шараға еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары қатысты. METU мамандары университеттің білім беру бағдарламаларын таныстырып, қабылдау шарттары, шәкіртақы мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді.

Оқушылар инженерия, ақпараттық технологиялар және заманауи оқыту форматтары бойынша ұсынылған бағыттарға ерекше қызығушылық танытты. Шара барысында қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, практика, халықаралық алмасу және оқу бітіргеннен кейінгі мансаптық мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.

METU «JOO High School» Mega мектебінің әкімшілігіне ұйымдастыру жұмыстары үшін алғысын білдіреді және барлық қатысушыларға университетке көрсеткен қызығушылығы үшін ризашылық білдіреді

Автор: Мусақызы Ж.