Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенті Туреш Гүлназ «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында III орын иеленді
02 Мамыр 2025                  150
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенті Туреш Гүлназ «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында III орын иеленді

«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенті Туреш Гүлназ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясына табысты қатысты.

Робототехника секциясында Туреш Гүлназ «Ақылды үй негізінде жасалған түрлі функцияларды басқару» атты жобасын таныстырып, кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, техникалық шешімдердің жаңашылдығын және бағдарламалау мен автоматтандыру саласындағы терең білімін көрсетті. Байқау нәтижесінде ол III орынға ие болды.

Туреш Гүлназды осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми қызметінде әрі қарай да сәттілік, жаңа жеңістер мен жарқын кәсіби табыстар тілейміз!