Главная Новости Таза жексенбінің жарқын естелігі!
25 Сәуір 2025                  357
Таза жексенбінің жарқын естелігі!

Кейде қарапайым күндер жүректе ерекше орын алады…
Солардың бірі — Таза жексенбі жатақханамызда өткен ерекше күн болды.

Барлығымыз бірлесе отырып, қуанышпен, өз еркімізбен тазалыққа кірістік. Ән тыңдап, қалжыңдасып, шынайы көңіл-күймен дәліздерді жуып, терезелерді сүртіп, ас үй мен демалыс бөлмесін жинадық. Қарапайым тазалық күні ерекше мағынаға ие болды — бұл бірлік пен жауапкершіліктің көрінісі еді.

 Бұл күн бізге жатақхана – жай ғана мекен емес, бір үлкен отбасы екенін көрсетті.
Осындай сәттер бізді жақындастырады, достықты нығайтады.

Баршаңызға алғысымыз шексіз!