Главная Новости «Күнделікті өмірдегі жасанды интеллект: технология біздің өмірімізді қалай жеңілдетеді, қауіпсіз етеді және қызықтырады» тақырыбында семинар өткізілді.
05 Мамыр 2025                  154
«Күнделікті өмірдегі жасанды интеллект: технология біздің өмірімізді қалай жеңілдетеді, қауіпсіз етеді және қызықтырады» тақырыбында семинар өткізілді.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Күміс университет» аясында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы егде жастағы қатысушыларға «Күнделікті өмірдегі жасанды интеллект: технология біздің өмірімізді қалай жеңілдетеді, қауіпсіз етеді және қызықтырады» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда жасанды интеллект технологияларының өміріміздегі орны, оларды қолдану мүмкіндіктері мен қауіпсіздігі туралы ақпарат берілді.

Семинарды Жолдыбек Даурен мен Омырзаков Едил жүргізді. Оқу барысында қатысушылар теориялық және практикалық мағлұматтар алып, семинардың соңында оларға сәйкестік сертификаттары табысталды. Бұл іс-шара «Күміс университет» бағдарламасы аясында өткізілген, оның мақсаты — зейнеткерлер мен аға ұрпақ өкілдеріне заманауи технологиялар туралы білім беру және олардың күнделікті өмірде қолдануына көмектесу болды.