Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Кастеев атындағы өнер мұражайында эдвайзерлік сағат
25 Сәуір 2025                  393
Кастеев атындағы өнер мұражайында эдвайзерлік сағат

«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Джумабекова Гульзира Шабаевна  студенттермен бірге «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы Кастеев атындағы өнер мұражайына экскурсия ұйымдастырды.​

Мұражайда студенттер қазақ және әлем өнерінің таңдаулы туындыларымен танысып, олардың мәдени және тарихи маңыздылығын талқылады. Бұл іс-шара студенттердің эстетикалық көзқарасын кеңейтуге және өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.​

Гульзира Шабаевна осындай іс-шаралардың студенттердің мәдени құндылықтарды түсінуіне және жалпы білім деңгейінің артуына ықпал ететінін атап өтті.