2025 жылғы 25 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы өз білім беру бағдарламаларын таныстырып, мамандық бағыттары, түлектердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктері және студенттердің ғылыми жұмыстары туралы ақпарат берді.
Қонақтар кафедраның оқу зертханалары және заманауи құрал-жабдықтарымен танысты, студенттердің тәжірибелік жобаларын көрді.
Іс-шараның ерекше атмосферасын «Тағам өндірісінің технологиясы және инжинирингі» білім беру бағдарламасының студенттері жасады. Олар глютенсіз және құрамында зиянды майлар жоқ табиғи сұлы печеньесін дайындап, жылы тілектермен бірге қаптап, қонақтарға дәм татқызды. Сонымен қатар, түрлі сыйлықтар ойнатылып, естелік кәдесыйлар таратылды.
Кафедра іс-шараға қатысқан барша оқушыларға алғыс білдіреді және тағам өндірісі саласында кәсіби маман болуға шақырады!