Главная Новости «Бақыт деген...» қойылымы – жатақхана жастарының өнері
30 Сәуір 2025                  249
«Бақыт деген...» қойылымы – жатақхана жастарының өнері

Акт залында жатақхана студенттерінің ұйымдастыруымен ерекше театр кеші өтті. Қойылымның атауы — «Бақыт деген...».

Бұл — өмір жайлы, достық пен бақыт жайлы сахналық көріністерден құралған кеш. Барлық дайындық, идеялар мен репетициялар жатақханада өтті. Белсенді жастар бірлесе еңбек етіп, үлкен сахнаға тамаша дүние алып шықты.

Кеште өлеңдер, әндер, би және шынайы өмірден алынған әсерлі сәттер көрініс тапты. Көрермендер ерекше көңіл күймен қошемет көрсетті.

Бұл кеш – тек өнер емес, жүректен шыққан шынайы сезімнің көрінісі болды. Ұйымдастырушыларға ризашылығымыз шексіз!