Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының студенттері Қырғыз Ұлттық университетінің 100 жылдығына арналған «Сапа менеджменті» бағыты бойынша Халықаралық студенттік олимпиадаға (Бішкек қ., 2025 ж.) лайықты түрде ұсынды.
Командалық құрам:
- Амантай Меруерт;
- Сарқытбай Азамат;
- Ерболат Мұрат;
командалық есепте III дәрежелі дипломмен марапатталды, бұл олардың кәсіби білімінің, командалық бірлігінің және дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
Сонымен қатар, Джумабекова Гүлзира Шабаевна – команда жетекшісі, "Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасының оқытушысы Алғыс хатпен марапатталды. Олимпиада ұйымдастыру комитеті оның болашақ мамандарды тәрбиелеуге қосқан зор жеке үлесін және жоғары ұйымдастырушылық қабілетін ерекше атап өтті.
Біз студенттеріміз бен оқытушыларымызды мақтан тұтамыз!
Жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!