Главная Новости METU университетінде UNIDEM орталығымен бірлесе өткізілген ҰБТ-ға арналған сынақ тестілеуі
05 Мамыр 2025                  451
METU университетінде UNIDEM орталығымен бірлесе өткізілген ҰБТ-ға арналған сынақ тестілеуі

2025 жылғы 4 мамырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) UNIDEM оқу орталығымен бірлесе отырып, мектеп бітіруші түлектерге арналған ҰБТ бойынша сынақ тестілеуі өтті. Іс-шараға 600-ге жуық оқушы қатысты.

Тестілеу басталғанға дейін барлық қатысушылар үшін кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Университеттің белсенді студенттері мен мамандары оқушыларға METU бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері, ақылы тәжірибеден өту және түлектердің болашақ мансабы туралы кеңінен түсіндірді.

Аталған іс-шара METU университетінің талапкерлерге мамандықты саналы таңдауға және ҰБТ-ға сапалы дайындалуға жәрдемдесу мақсатындағы бастамаларының бір бөлігі болып табылады. Университет UNIDEM орталығына серіктестік үшін алғыс білдіреді.

Автор: Мусақызы Ж.