Жақында қала университеттерінің студенттері қатысқан IQ-ALA атты зияткерлік байқау өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың логикалық ойлау қабілетін, командалық рухын және зияткерлік әлеуетін дамыту. Қатысушылар түрлі бағыттарда жарысқа түсті: нақты ғылымдардан бастап, жалпы білім, блиц-викториналар мен аналитикалық тапсырмалар.
IQ-ALA ақылды, батыл және амбициясы жоғары студенттер үшін жаңа зияткерлік биіктерге жетудің алаңына айналды!