Биыл "Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, тәжірибелі оқытушы және қадірменді әріптесіміз Каржаубаев Каналбек Елеусізұлы 85 жасқа толып жатыр.
Каналбек Елеусізұлы — ауыл шаруашылығы саласындағы терең білімі мен стандарттау және сертификаттау бағыты бойынша жоғары біліктілікті үйлестіре білген бірегей ұстаз. Оның көп жылғы еңбегі — кәсібіне адалдықтың, ғылыми нақтылықтың және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.
Осы айтулы күнге орай университет ректоры мерейтой иесін арнайы қабылдап, жылы шырайлы кездесу өткізді. Кездесу барысында ректор профессорға алғыс хат табыстап, ерекше құрмет ретінде қазақтың ұлттық шапанын жапты.
Кафедра ұжымы құрметті Каржаубаев Каналбек Елеусізұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, ғылым және білім саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді. Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және рухани сергектік тілейміз!