Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Бағдарламалық инженерия кафедрасының 2-курс студенті Аяжан Телеуова жыл сайын өткізілетін "Мисс METU – 2025" сұлулық пен талант байқауында жеңіске жетті.
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, университеттің ең жарқын, талантты және көрікті студент қыздарын біріктірді. Қатысушылар бірнеше кезеңде сынға түсті: сән көрсету, шығармашылық нөмір, зияткерлік сұрақтар мен өзін таныстыру. Аяжан өз дарынымен, сенімділігімен, ой өрісімен және сымбаттылығымен көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шықты.
Аяжанның бұл жеңісі – техникалық мамандықта оқитын студенттердің тек білімде ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен қоғамдық өмірде де табысқа жете алатынының жарқын дәлелі. Бағдарламалық инженерия кафедрасы Аяжанды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа белестерді бағындыруына тілектес!