Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасында дипломалды тәжірибені қорғау апталығы өтуде
08 Мамыр 2025                  346
«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасында дипломалды тәжірибені қорғау апталығы өтуде

“Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы” кафедрасында бітіруші курс студенттерінің дипломалды тәжірибесін қорғау апталығы өтуде. Тәжірибе 10 наурыз бен 2 мамыр аралығында салалық кәсіпорындарда және ғылыми ұйымдарда жүргізілді.

Қорғауға келесі төрт білім беру бағдарламасының студенттері қатысуда:

- “Стандарттау және сертификаттау”;

- Тағам өндірістерінің технологиясы және инжинирингі”;

- “Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану”;

- “Технологиялық машиналар мен жабдықтар”.

Студенттер атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуде және кәсіби қызметке дайын екендіктерін көрсетуде. Қорғау кафедра оқытушылары және комиссия мүшелерінің қатысуымен өтуде.

Қорғау апталығы - мемлекеттік қорытынды аттестация алдындағы маңызды кезең және кафедра түлектерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.