2025 жылғы 17 мамырда Халықаралық
инженерлік-технологиялық университет (METU) Қазақстандағы жетекші білім беру
орталықтарының бірі – MIA Education ұйымдастырған жоғары оқу орындары көрмесіне
қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жоғары білім алуға
қызығушылық танытқан мектеп бітірушілермен тиімді байланыс орнату болды. METU
университеті бұл көрмеде өз мүмкіндіктерін таныстырып, кәсіби бағдар беру
жұмыстарын жүргізіп, брендтің танымалдығын арттыруға және болашақ
талапкерлердің байланыс деректерін жинауға мүмкіндік алды.
Университет атынан көрмеге маркетинг және кәсіби бағдар
бөлімі мамандары, белсенді студенттер мен шетелдік студенттер қатысты. Көрмеге
келген оқушылар METU ұсынатын білім беру бағдарламаларына, халықаралық
мүмкіндіктерге және студенттік өмірге ерекше қызығушылық танытты.
METU университеті болашақ студенттермен ашық диалог жүргізуге мүмкіндік бергені үшін MIA Education орталығына алғысын білдіреді.
Автор: Мусақызы Ж.