2025 жылғы 16 мамырда Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеті (METU) Алматы қаласы Білім басқармасы мен
«Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған «Almaty BalaFest – 2025» қалалық
фестиваліне қатысты.
Фестивальдің мақсаты – дарынды балалар мен талантты
жастарды қолдау және дамыту, ғылыми, техникалық, шығармашылық және спорттық
жетістіктерді насихаттау, сондай-ақ мектеп оқушыларын білім алуға және кәсіби
өсімге ынталандыру.
METU болашақ мамандар мен көшбасшылардың қалыптасуына
үлес қосып, фестиваль барысында ерекше көзге түскен 3 жас қатысушыға ректорлық
грант табыстады.
Автор:Мусақызы Ж.