METU - да жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік эдвайзер –
202»” және «Үздік студент – 2025» байқауының нәтижелері жарияланды.
Биылғы жылдың үздік эдвайзерлері ретінде Сарыбаева Г.С.,
Рыскелді Д.Д. және Нокербекова Н.К. танылды. Олар студенттермен үздіксіз жұмыс
жасап, білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Биохимиялық
инженерия» кафедрасының студенттері де өз жетістіктерімен көзге түсті. Әубәкір
Іңкәр, Тугеева Альфия, Қаржаубай Балауса, Кубытаева Фариза, Серикова Жанерке «Үздік
студент – 2025» атағына ие болды. Олар оқу озаты ретінде, ғылыми-зерттеу және
қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Университет ұжымы марапат иелерін құттықтай отырып,
шығармашылық табыс пен жаңа белестерді бағындыруды тілейді!