Главная Новости Семейде өткен форум: Абай ілімі және ұлттық құндылықтар – жастардың рухани дамуы жолында
23 Мамыр 2025                  577
Семейде өткен форум: Абай ілімі және ұлттық құндылықтар – жастардың рухани дамуы жолында

METU университетінің өкілдері Семей қаласында өткен республикалық жастар форумына қатысты

2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Шәкәрім университетінде «Абайдың “Толық адам” ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» тақырыбында республикалық жастар форумы өтті.

Аталған форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам жоғары оқу орындарының өкілдері – ғалымдар, оқытушылар, проректорлар мен белсенді студенттер қатысты. Іс-шара аясында Абай ілімі, ұлттық құндылықтар, интегралды GPA енгізу тәжірибесі, қаржылық сауаттылық пен «Заң және тәртіп» тақырыптары қозғалды. Сондай-ақ студенттерге Жидебай тарихи-мәдени қорығына экскурсия ұйымдастырылды.

Форумның басты мақсаты – жастардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал етіп, Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімін заманауи көзқараспен ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарды жастар санасына сіңіру.

METU университеті атынан форумға Жастар саясаты департаментінің директоры Рыскелді Дина Дәулетқызы және университеттің студенттік ректоры Қонақбаева Айдана Асқарқызы қатысты.