Главная Новости МИТУ «СарыаркаАвтоПром» және «АгромашХолдинг KZ» компанияларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
23 Мамыр 2025                  452
МИТУ «СарыаркаАвтоПром» және «АгромашХолдинг KZ» компанияларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ) еліміздің ірі өндірістік кәсіпорындарымен әріптестік қатынастарды нығайту мақсатында «СарыаркаАвтоПром» ЖШС және «АгромашХолдинг KZ» АҚ компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Меморандумдар білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған. Негізгі басымдық – өндірістің нақты қажеттіліктеріне бейімделген кадрларды даярлау, қолданбалы және пәнаралық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ технологияларды трансферлеу және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру.

«СарыаркаАвтоПром» компаниясымен ынтымақтастық ғылыми жобаларды іске асыруды, бірлескен іс-шараларды өткізуді, студенттер мен оқытушылардың тәжірибеден өтуін ұйымдастыруды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар және машина жасау бағыттарында мамандар даярлау бағдарламаларын дамытуды көздейді.

Ал «АгромашХолдинг KZ» компаниясымен серіктестік аясында өндірістік және зерттеу практикаларын өткізу, стартаптар мен жастар бастамаларын қолдау, сондай-ақ агротехнологиялық бағытта бірлескен оқу-өндірістік учаскелер мен зертханаларды құру жоспарланған.

Қол қойылған меморандумдар тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға деген ортақ ұмтылысын бекітеді және нақты бағыттар бойынша келісімдер жасау үшін негіз болып табылады.