Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде
2024–2025 оқу жылы өз мәресіне жетті.
Аяқталған оқу жылы білім, ғылым және тәрбие
салаларында жемісті болды. Студенттеріміз түрлі республикалық және халықаралық
олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып, университеттің
абыройын көтерді. Оқытушыларымыз оқу үдерісін жетілдіріп, ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен белсенді айналысты.
Университет қабырғасында маңызды іс-шаралар , кәсіби
бағдар беру кездесулері, халықаралық конференциялар мен семинарлар
ұйымдастырылды. Жоғары технологияларға негізделген білім беру бағдарламалары
арқылы болашақ инженерлер сапалы білім алды.
«Радиотехника, электроника және
телекоммуникациялар», «Автоматтандыру
және басқару», сондай-ақ «Электр
энергетикасындағы ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары
бойынша білім алып жатқан студенттер теорияны практикамен ұштастырып, заманауи
зертханаларда түрлі ғылыми жобалармен айналысты.
Жыл қорытындысы бойынша оқу озаттары мен үздік
эдвайзерлер, сондай-ақ белсенді студенттер марапатталды.
Студенттер мен оқытушыларды оқу жылының
сәтті аяқталуымен құттықтайды! Алда – жазғы демалыс және өндірістік тәжірибе
кезеңі. Баршаңызға сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!