Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ оқытушылары Түркі әлемінің 7-ші Халықаралық туризм конгресіне қатысты
31 Мамыр 2025                  284
МИТУ оқытушылары Түркі әлемінің 7-ші Халықаралық туризм конгресіне қатысты

2025 жылғы 21-25 мамыр аралығында Солтүстік Кипр Түрік Республикасында Түркі әлемінің 7-ші Халықаралық туризм конгресі өтті.
Ауқымды ғылыми іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде аймақтағы жетекші білім беру орындарының бірі — Doğu Akdeniz Üniversitesi (Шығыс Жерорта университеті) және Eastern Mediterranean University шықты. Олар туризм саласындағы академиялық ынтымақтастықты дамытуға белсенді ықпал етіп келеді.

Конгресс аясында түркі әлемінің елдерінен келген ғалымдар, оқытушылар мен зерттеушілер тұрақты туризмді дамыту мәселелерін, ғылыми жетістіктерді талқылап, халықаралық серіктестік шеңберін кеңейту үшін бас қосты.

Форумға Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің атынан «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары — экономика магистрі, оқытушы Шынар Курмашқызы Нұрбекова және экономика магистрі, оқытушы Асия Мұратқызы Доскаранова қатысты.

Конгресс аясында оқытушылар пленарлық отырыстарға, тақырыптық секцияларға және пікірталас алаңдарына белсенді қатысып, туризм саласындағы заманауи үрдістер мен сын-тегеуріндерге арналған ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға және серіктес ұйымдарға іс-шараға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, түркі елдері арасындағы ғылыми диалогты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет әріптестерін беделді халықаралық форумға лайықты қатысуларымен құттықтап, оларға жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт және кәсіби табыс тілейді!