2025 жылғы 28 мамырда Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің (METU) өкілдері серіктес оқу орталығы UNIDEM
ұйымдастырған салтанатты бітіру кешіне қатысты.
Шара салтанатты әрі шабытты атмосферада өтті. Кешке
түлектер, олардың ата-аналары, мұғалімдер және жоғары оқу орындарының өкілдері
қатысты. Іс-шара барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, үздік оқушылар
марапатталып, түлектерге өмір жолына сәттілік тілектер айтылды.
METU өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, білім жолында үздік
көрсеткіштерімен көзге түскен екі түлекке ректорлық гранттар табыстады. Бұл
гранттар – METU тарапынан көрсетілген қолдау мен білімге ұмтылған жастарға
сенім білдірудің айқын көрінісі.
Іс-шара METU-дің кәсіби бағдар беру бағытындағы маңызды
қадамдарының бірі болды. Университет алдағы уақытта да елдің жетекші оқу
орталықтарымен әріптестікті дамытып, талантты жастарды қолдау жұмысын
жалғастырмақ.
METU UNIDEM орталығына алғыс білдіре отырып, әріптестік пен жылы шырайлы қабылдауға ризашылығын білдіреді.
Автор: Мусақызы Ж.