Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында бітіруші курс студенттерінің кешенді емтихандары басталды
04 Маусым 2025                  85
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасында бітіруші курс студенттерінің кешенді емтихандары басталды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында бітіруші курс студенттері үшін кешенді емтихандар басталды. Бұл – білім беру бағдарламасының негізгі пәндерін қамтитын, болашақ IT-мамандардың кәсіби дайындық деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік беретін қорытынды аттестаттаудың маңызды кезеңі.

Емтихандар дәстүрлі (офлайн) форматта өткізіліп, оған кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен емтихан комиссиясының құрамына арнайы шақырылған IT-компания өкілдері қатысуда.Салалық серіктестік студенттердің білімін жан-жақты бағалауға ғана емес, теория мен практиканы байланыстыруға да ықпал етеді.

Бітірушілердің білімі объектіге бағытталған бағдарламалау, деректер қорын жобалау, операциялық жүйелер, ақпараттық және киберқауіпсіздік, сондай-ақ компьютерлік желілерді жобалау мен әкімшілендіру сияқты бейіндік пәндер бойынша тексеріледі.

Студенттер теориялық білім мен практикалық дағдыларды сенімді түрде көрсете отырып, жоғары жауапкершілік деңгейін танытуда. 

Бітіруші студенттерге кешенді тестілеуді сәтті тапсыруды және диплом жұмыстарын сәтті қорғауға тілектеспіз!