2025 жылғы 9 маусымда
«Биохимиялық инженерия» кафедрасында бітіруші студенттердің қорытынды
аттестациясы басталды — бакалаврлық бітіру біліктілік жұмыстарының қорғалуы
өтуде.
Қорғау барысында студенттер
дипломдық жұмыстары аясында орындаған ғылыми зерттеулері мен жобалық
әзірлемелерінің нәтижелерін ұсынады. Жобалардың тақырыптары биохимия
саласындағы өзекті бағыттарды кеңінен қамтиды.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының
мүшелері студенттердің дайындығының жоғары деңгейін, зерттеліп жатқан
тақырыптардың өзектілігін және ұсынылған жобалардың практикалық маңыздылығын
атап өтуде. Қорғаулар бірнеше күнге созылып, салтанатты диплом тапсыру рәсімімен аяқталады.