Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында бітіруші курс студенттері дипломдық жобаларын сәтті қорғады
23 Маусым 2025                  3763
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасында бітіруші курс студенттері дипломдық жобаларын сәтті қорғады

2025 жылғы 9–17 маусым аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында бітіруші курс студенттері дипломдық жобаларын сәтті қорғады. Қорғау барысында студенттер ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерге арналған практикалық әрі инновациялық жобаларын таныстырды. Ерекше көзге түскен жобалар төмендегідей:

  1. Алданазаров Муса Аманкелдіұлы. Тақырыбы: "GPT негізінде қазақ тіліне бейімделген нейрожүйелік тілдік модельді әзірлеу". Муса өз жұмысында қазақ тіліне бағытталған нейрожүйелік модельді таныстырды. Жоба қазақ тіліндегі мәтіндерді тиімді өңдеуге, сөйлемді дұрыс генерациялауға және түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылыми тұрғыдан жаңашыл әрі тәжірибеде қолдануға лайық жоба ретінде жоғары баға алды.
  2. Тамбай Даурен Аскатұлы. Тақырыбы: "Тамақ жеткізуге арналған тапсырыс беру және төлеу функциялары бар кроссплатформалық мобильді қосымшаны әзірлеу". Даурен пайдаланушыларға арналған ыңғайлы интерфейсі бар, тапсырыс рәсімдеу, онлайн төлеу және жеткізуді бақылау сияқты барлық қажетті функцияларды қамтитын заманауи мобильді қосымша жасады. Жоба қолданушыларға ыңғайлы және сенімді қызмет көрсетуге бағытталған.
  3. Қасымтай Тимур Дидарұлы. Тақырыбы: "Өрттің шығу себептерін зерттеуге арналған квест форматындағы мобильді ойын әзірлеу" Тимур өз жұмысында өрт қауіпсіздігі тақырыбында білім беруге арналған квест жанрындағы ойын ұсынды. Бұл ойын интерактив пен оқытуды тиімді үйлестіре отырып, қауіпсіздік туралы білімді қызықты түрде жеткізеді.
  4. Ергешваев Даврон Бабиржанұлы. Тақырыбы: "Raspberry Pi негізіндегі «Ақылды үй» жүйесін әзірлеу". Даврон бір тақталы Raspberry Pi құрылғысы арқылы басқарылатын «Ақылды үй» жүйесінің прототипін ұсынды. Жүйе үй ішіндегі жарықтандыру, температура және қауіпсіздік жүйелерін басқаруға мүмкіндік береді. Жоба өзінің практикалық бағытымен және нақты қолдану мүмкіндігімен ерекшеленді.

Барлық түлектерді сәтті қорғауларымен құттықтаймыз! Ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби жолдарында зор табыстар мен биік жетістіктер тілейміз.