Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU кафедра меңгерушісі Қытайда дәрістер циклін өткізді
26 Маусым 2025                  61
METU кафедра меңгерушісі Қытайда дәрістер циклін өткізді

2025 жылғы 20–25 маусым аралығында академиялық және ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (МИТУ) кафедра меңгерушісі Дильдебаева Жулдуз Турсуновна Қытай Халық Республикасының Синьцзян педагогикалық университетінің шақыруымен «Экономикалық үдерістердің эконометрикалық үлгіленуі» тақырыбында дәрістер циклін өткізді.

Дәрістер мазмұны эконометрикалық үлгілерді құрудың заманауи әдістерін, макроэкономикалық өзара байланыстарды бағалауды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық деректерді талдауда статистикалық құралдарды қолданудың практикалық аспектілерін қамтыды.

Бұл халықаралық әріптестік МИТУ мен шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланысты нығайтудың және оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттырудың маңызды кезеңіне айналды.