2025 жылғы 10 шілдеде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ) Ресей Федерациясының Восточно-Сибир мемлекеттік технологиялар және басқару университеті (ВСГУТУ) делегациясын қабылдады. Сапар аясында екі университет арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат инженерия, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, агрономия, биотехнология, экология, автоматтандыру, химиялық технология, экономика және басқа да бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыру жөніндегі уағдаластықтарды бекітеді. Басым бағыттардың қатарында — бірлескен және екі дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру, тағылымдамалар мен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, қолданбалы және ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, ғылыми-педагогикалық алмасу және бірлескен іс-шараларды өткізу бар.
Тараптар технологияларды трансферттеу және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің бірлескен бастамаларға белсенді қатысуы жөнінде келісімге келді.