Жатақхана – бұл тек тұратын жер ғана емес, нағыз шағын отбасы, ортақ үй. Біздің студенттік үйде әрбір тұрғынның туған күні жылы атмосферада, есте қаларлықтай атап өтіледі.
Жастар бір-бірін құттықтап, арнайы тосын сыйлар жасап, дастархан жайып, түрлі ойындар мен ән-шашулар ұйымдастырады. Бұл – достықты нығайтатын, бірлікті арттыратын дәстүрге айналды.
Естелік сәттер суретке түсіріліп, әлеуметтік желілерде бөлісіліп тұрады. Бұл – МЕТУ жатақханасындағы жылулық пен жанашырлықтың айғағы.